{metadescription}
Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы дау өрши түсті
Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы дау өрши түсті

Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы дау өрши түсті

Америкада осы істің мән-жайын анықтау үшін құрылған комиссия Дональд Трамптың 3 бірдей көмекшісіне айып тақты. Бұл - арнайы прокурор Роберт Мюллер басқарған зерттеу тобы жүргізген жұмыстың алғашқы қорытындысы ғана.

Трамптың бұрынғы кеңесшісі федералдық тергеу бюросына сайлау алдында өзінің ресейліктермен қарым-қатынасы туралы жалған ақпарат бергенін мойындап та үлгерген. Бұған дейін, Джордж Пападопулос шетелдік профессормен байланысы барын және оның Ресейдің Хиллари Клинтонға қатысты компроматы барын айтқаны туралы мәлімдеген еді. Ал, Клинтонның сайлауда Трамптың басты бәсекелесі болғаны белгілі. Сөйтсек, президенттің кеңесшісі өтірік айтқан екен. Бұған қоса, Трамп штабының экс-басшысы мен оның серіктесіне 12 бап бойынша айып тағылған. Комиссия ол екеуді жылдар бойы Украина билігіне жұмыс істеп, миллиондап пайда тапқан деп отыр. Бірақ, ол үшін салық төлеуді ұмытыпты. Мюллер басқарған топтың жұмысы әлі де жалғасуда. Олар жүргізіп жатқан зерттеу Трамптың таққа отыруының заңды-заңсыздығын көрсетпек. Бұған қарамастан, АҚШ Президенті прокурордың жұмысына кедергі келтірмеймін деп отыр. Айта кетейік, Путин мен Трамптың сайлау кезіндегі сыбайластығы туралы айыпты Кремль де, Ақ үй де жоққа шығарған болатын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде