Атырау облысында алпауыт компанияға айыппұл салынды
Атырау облысындағы мұнай алпауыты - «Теңізшевройл» компаниясына 300 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл – мамыр айында компанияның Жылой ауданыдағы мұнай кенішінде болған экологиялық апаттың өтеуі.
Автор: Жанар Низамутдинова
31.10.2017
Теңіз кен орнының жұмысшылары мамырдың 30-ы күні күкірт аралас түтіннің ауаға таралып жатқанын телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желі арқылы таратқан еді. Іле-шала осы оқиғаға байланысты баспасөз мәслихатын өткізген зауыт басшылығы бұл жағдайға «кешенді технологиялық желі» зауытында электр энергиясының аяқ астынан өшуі себеп болғанын айтып, айналаға зияны жоқ деп ақталды. Бірақ тексеріс жүргізген мамандар сол күні ауаға меркаптан мен күкіртті сутегінің өте көп мөлшерде тарап, табиғатқа 177 миллион теңге зиян келгенін анықтаған болатын. Сосын экологтар Теңізшевройлды сотқа сүйреді. Ақырында мұнай алпауытына 278 миллион 400 мың теңге айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!