{metadescription}
Бозымбаев мұнай өңдеу зауытының іске қосылғанын айтып сүйінші сұрады
Бозымбаев мұнай өңдеу зауытының іске қосылғанын айтып сүйінші сұрады

Бозымбаев мұнай өңдеу зауытының іске қосылғанын айтып сүйінші сұрады

Жырға айналған жаңғырту бітті. Павлодар мұнай өңдеу зауыты ұзақ үзілістен кейін бензин өндіре бастады. Қымбат құнға қатысты талай сынға ілінген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл жаңалықты сүйінші сұрағандай мәлімдеді.

Алғашқы 1200 тонна АИ-92 бензині жақын Ақмола, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарына кетіпті. Жаңғырған зауыт күніне шамамен 1200-1500 тонна отын беріп отыруы тиіс. Ал Атырау зауыты 16-шы желтоқсанда, Шыменттік зауыт 2018 жылдың екінші жартысында жөндеуден шығады. Қанат Бозымбаев бір жылда Қазақстан өзін 100 пайыз бензинмен қамтамасыз етеді деп қуантты.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Шамамен бесінде католитический крекинг деген құрылғы іске қосылады. Сонда 3 мыңнан астам бензин шығарылады. Сол бензин Алматыға, Талдықорғанға, Қарағандыға жіберілетін болады. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ. Қазірдің өзінде бензин шығарылып жатыр, бірақ технологический режимге шығуымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде