{metadescription}
Ерден Қажыбек өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс жайында түсіндіріп берді
Ерден Қажыбек өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс жайында түсіндіріп берді

Ерден Қажыбек өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс жайында түсіндіріп берді

Латын әліпбиіне толық көшудің құны қазынаға қаншаға түсетіні белгісіз боп тұр. Жобаның қажетті қисабын алғашқы болып Мәдениет және спорт министрлігі  56 миллион теңгеге бағалаған. Ал мойнына негізгі салмақ түсетін Білім және ғылым министрлігі шығындарын есептеп үлгермепті.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Алдымен апробация жүргізу керек. Қажетті оқулықтарға, әдістемеге көп ақша кетпейді. Осы жұмысты реттеп алғаннан кейін латынға толық көшудің кестесін белгілеп алу керек. Негізгі шығындар мектеп бағдарламасындағы оқулықтарды дайындап, басып шығуға, мұғалімдерді қайта оқытуға кетеді. Сондықтан мұқият отырып санау керек.

Президенттің жарлығымен бекітілген әліпби нұсқасы біраз уақыт сыналмақ. Үкімет жанында құрылатын арнайы жұмыс тобы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бір сөзбен. мамандар халыққа жазып-сызуды қайтадан үйретпек. Ал журналистерді бүгін әліпбидің бас авторларының бірі, Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбектің өткені қызықтырды. Себебі ол 2009 жылы сол кездегі Қаржы полициясы іздеуінде болған. Қажыбекке Тіл комитетін басқарған тұста,бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған еді.

Ерден Қажыбек, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры:

Бұл сұрақ заң тұрғысынан толық зерттелді. Тергеуге бір-екі жыл кетті. Нәтижесінде, қаржы полициясы қылмыс негізін таппай істі жауып, сотқа жетпеді. Бұл туралы ақпарат құралдарында жарияланды да. Естімегендерге, мәлімет осы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде