{metadescription}
Шымкенттің автобусқа мінгіш әкімі  енді Астананың қоғамдық көліктеріне отырмақ
Шымкенттің автобусқа мінгіш әкімі  енді Астананың қоғамдық көліктеріне отырмақ

Шымкенттің автобусқа мінгіш әкімі енді Астананың қоғамдық көліктеріне отырмақ

Ғабидолла Әбдірахымов бүгін аяқасты "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне ауысты. Сөйтіп, еліміздегі ең ірі қалалардың бірін басқарып отырғанда өзін әр қырынан көрсетуден жалықпаған ол, енді саяси ұйымның жұмысын да қоса жарнамалап отыруы тиіс.

Шымкентті 2015-ші жылдың тамыз айынан басқарған Әбдірахымов қызметіне келе сала жұмысын орталық көшелердің онсыз да тәуір тротуарларын жаңартудан бастаған. Артынша шаһардың бірнеше жерінен велостансалар орнатқаны да ел есінде. Десе де басшының бастамасын шымкенттіктер іліп алып кеткен жоқ. Әкім сонда да еңсесі түспей, оқыс әрекеттер мен мәлімдемелердің талайын жасады. Мұны біреулер өзін көрсетіп қалудың амалы деп жатты. Әбдірахымовтың ойы шынымен солай болса, мақсатына жеткен сияқты. Оның атақ-даңқы артып, жұрт бұл өңірде облыс әкімінен гөрі шаһар басшысын көбірек танитын болды. Ал екі апта бұрын ғана өзінен бастап қоластындағы басшылардың қызметтік көліктерін тартып алып, жүзден астам басшыны автобусқа отырғызған Әбдірахымовтың әзірше өзі кетсе де, сөзі жүріп тұр. Көліктер әкімдік тұрағынан қозғалмаған. Шымкенттік шенеуніктер оның шешімін соңына дейін орындаймыз деп отыр. Әрине, енді жаңа әкімнің қытығына тимесе. Ол да таяу уақытта тағайындалуы тиіс. Әзірге әкім міндетін оның орынбасары Бейсенбек Жанбосынов атқаруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.