Талдықорғанда қала әкімінің орынбасарының қамауға алынуына қатысты жаңа мәліметтер шықты
Ал Талдықорғанда қала әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен тұтқындалды. Сот Әсет Шаяхметовты 10 күнге қамау туралы санкция да берген. Бұған дейін қалалық құрылыс бөлімін басқарған Шаяхметов әкім орынбасары қызметінде бар болғаны 10 күн ғана істеп үлгеріпті.
31.10.2017
Абзал Жаншабай, Талдықорған қаласы әкімдігі аппаратының жетекшісі:
-Талдықорған қаласы әкімшілік аппаратының орынбасарына конкурс жарияланған болатын. Оған Шаяхметов Әсет қатысып 11 қазанда жұмысқа қабылданды. 19 қазанда ол өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз түсіп. 20 қазанда жұмыстан босады.
Жақында ғана кәсіпкерден таяқ жеп жұмыстан кеткен Асқар Тұтыбаевтың орнына келген Әсет Шаяхметовты полицейлер екі сыбайласымен бірге 25-ші қазан күні ұстаған. Тұтқындалғандардың ішінде әкімнің жүргізушісі Мейрам Нұрпейісов пен «Достық Астана» компаниясының директоры Мейрам Нұржанұлы да бар. Құзырлы орган берген мәліметке сенсек, 32 жастағы Әсет Шаяхметов қалалық құрылыс бөлімін басқарып тұрған тұста құрылыс фирмалары басшыларынан 90 миллион теңге көлемінде пара алыпты. Тіпті, оны да місе тұтпай «Тойота Ленд Крузер - 200», «Тойота Камри - 40» сонымен қатар «Тойота Камри - 50» көліктерін ауызбастырық ретінде алған деп күдіктенеді тергеушілер. Қазір Шаяхметов сыбайластарымен қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!