{metadescription}
Жамбыл облысында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырап, адамдар жараланды
Жамбыл облысында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырап, адамдар жараланды

Жамбыл облысында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырап, адамдар жараланды

Жамбыл облысындағы жол апатынан 49 адамның өмірі қиыла жаздады. Жолаушыға лық толы автобус Тараз қаласына кіре берісте аударылып, бір адам қаза тапты. 31 адам ауруханаға түссе, 23 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалу үшін арпалысуда.

Таңғы төрттер шамасындағы жол апаты Тараздағы құтқару қызметі мен дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызды. Алматыдан Шымкентке бара жатқан жолаушыға лық толы автобус Айша-бибі ауылының маңындағы көпірдің төңірегінде апатқа ұшыраған. 

-49 жолаушының өмірін жалмай жаздаған жол апаты мына мен тұрған жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, қараңғыда автобус жүргізушісі бағытынан жаңылысып, қарсы беттегі жолға шығып кеткен. Сөйтіп ол рөльге ие бола алмай, техника ары- бері теңселіп, ақыры жолдың жиегіне аударылған. Қоғамдық көлік өте қатты жылдамдықпен келе жатса керек, өйткені мына жолдың шетіндегі темір бөгеттердің өзін техника елу метр жерге дейін жапырып өткен. 

Аударылған автобус ішіндегі жолаушылар бір-бірін басып қалған. Кейбірі көлік ішінен өздері шықса, өзгелеріне құтқару қызметінің көмегі қажет болды.   

София Нұржанова, зардап шегуші:

-Ешкім қашпады, бәрі бір-біріне көмек берді. Жолдағы адамдар дамкрат әкелді, өйткені көтере алмады. Бәрі бастырылып қалды десе болады.

Қоғамдық көліктің ішінде жалпы саны 49 жолаушы болса, оның 31-і түрлі дене жарақатын алған. Арасында екі бала бар. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Ал 20 жастағы қыз емдеу мекемесіне келісімен жан тапсырыпты. Дәрігерлер оның жарақаты өте ауыр болған дейді. Ақ халаттылар қаруынан кейін 21 адам үйлеріне жіберілсе, 8 науқас қазір ем алуда. Ал Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр. Бір қолынан айырылған қызды аман алып қалу үшін дәрігерлер барын салуда.

Ерлан Түлеев, №1-ші Тараз қалалық ауруханасы жарақат бөлімінің меңгерушісі:

-Бір науқас қазір жансақтау бөлімінде. Операциядан кейін. Миына және қолына ота жасалды. Қазір ауыр халде. Ем қабылдап жатыр.

Автобус жүргізушісі – Шымкенттің 28 жастағы тұрғыны. Қазір ол қамауға аланып, тергеліп жатыр. Әзірге жол апатының нақты себебі белгісіз.  Ал қоғамдык көлікте болған жолаушылар – Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.