Сооронбай Жээнбековтың билікке келетін күні белгілі болды.
24-қараша күні Қырғызстан халқы жаңа президентінен ант қабылдайды.
Автор: Аруна Ортай
01.11.2017
Жээнбековтың инаугурациясы желтоқсанда өтеді делінген. Өйткені, Алмазбек Атамбаевтың билігі сол уақытта аяқталуы тиіс болған. Алайда, Атамбаев орнын сәл ертерек босататын болды. Жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі «Ала-Арча» резиденциясында өтеді деп күтілуде. Тек содан кейін ғана Сооронбай ресмии қызметіне кіріседі. Қазіргі биліктің жақтасы, социал-демократ Сооронбай Жээнбеков президент сайлауында 54 пайыз дауыс жинап, додаға түскен 8 кандидаттың ішінен алға суырылып шыққан болатын. Жаңа басшы қырғыз ағайындардың әлеуемттік жағдайын бұрынғыдан да жақсартып қоймай, әрі Қазақстанмен арадағы достық қарым-қатынасты әрі қарай да жалғастыратынын айтқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!