{metadescription}
Тікелей эфир: Алматыда қылмыстық топпен байланысқан атышулы полковникке қатысты сот басталды
Тікелей эфир: Алматыда қылмыстық топпен байланысқан атышулы полковникке қатысты сот басталды

Тікелей эфир: Алматыда қылмыстық топпен байланысқан атышулы полковникке қатысты сот басталды

«Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер». Алматыда Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Бақыт Қасабеков бес жылға сотталды. Қылмыс әлеміне де, олармен күресіп жүрген полицейлер арасында да танымал атышулы полковник, сол қылмыстық топпен байланысқаны, пара алғаны үшін айыпталған болатын. Осы жылдың мамыр айында оны құрықтау үшін тіпті әріптестеріне қарулы жасақ шақыртуға тура келген.

-Қарашаның алғашқы күнінде атышулы істің соңғы нүктесі қойылды. Білдей бір басқарма бастығының басы шатылуы «балықтың басынан шіритінін» кезекті рет айғақтады.  Судья қаналғанға қорған, антына адал болуы тиіс полиция полковнигін соттады.

Бақыт Қасабеков сот залына қатулы қабақпен кірді. Жүзінен өкініштің, я үміттің ізін аңғару қиын. Ол қылмыстық кодекстің 366, 361 баптары бойынша, яғни қызметтік бабын асыра пайдаланып, пара алғаны үшін айыпталған болатын.

Барлық дерек пен дәйекті таразыға салған судья өз тоқтамын айтты. Бақыт Қасабеков кінәлі деп танылып, 5 жылға темір торға тоғыталатын болды.. Оған қоса дүние-мүлкі тәркіленеді.  Ол аздай, Қасықтап жинаған абыроймен жеткен «полковник» шені мен өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Қуаныш Әріпов, Алмалы аудандық сотының судьясы:

-Қылмыстық кодекстің 46 бабы 5-ші тармағына сәйкес Қасабеков жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Сотталған Қасабековті қамауда ұстау туралы шешім сол қалпында қалады. Ал, оның жазасын өтеу уақыты 2017 жылдың 30 шы мамырынан бастап есептеледі.

Бақыт Қасабеков соттың шешіміне қатысты ләм-мим деп тіл қатпады. Қолына кісен салып, сот залынан шығарғанша қорғаушысымен сыбырлап, кеңесіп үлгерді.  Айыбы тайға таңба басқандай болғанмен, ақтар деген үміттерін арқалап келген жақындары да үнсіз шығарып салды. Судьяның шешіміне қатысты олар да ешқандай пікірін айтпады.

Мамыр айының аяғында «Әділ Қытай» деген атпен танымал қылмыстық топтың 16 мүшесі ұсталған еді. Солардың ішінде Бақыт Алтынбекұлы да болды.  Шенді полицей Әділжан Зайнаудинов бастаған контрабандалық ұйымның  қалада еркін жүріп тұруын қамтамасыз еткен екен. Көп нәрсеге көз жұмып қарағаны үшін 2 млн теңге көлемінде пара да алған.

-Осылайша,  құлқынның қамымымен қылмыстық топпен байланысқан кезекті полицей сан соғып, бармағын шайнап қалды. Апелляциялық сотқа берер-бермесін Қасабековтің қорғаушылары әзірге айтпады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде