{metadescription}
Петропавлдың сәулетшісі түрмеден 30 миллион айыппұл төлеп  құтылды
Петропавлдың сәулетшісі түрмеден 30 миллион айыппұл төлеп  құтылды

Петропавлдың сәулетшісі түрмеден 30 миллион айыппұл төлеп құтылды

Петропавлда 20 жыл бойы қала мен облыстың бас сәулетшісі болған Валерий Затайға қатысты сот үкімі шықты. Мың жарым доллар көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталған ол енді айыппұл төлеп, түрмеден құтылатын болды.

Осылайша, соңғы кездері облыстың сәулет-құрылыс саласын қадағалап, басқарған Валерий Затай кепілдікпен бостандыққа жіберілген. Сондықтан үкім оқыларда ол темір тордың ар жағында емес, өзге куәгерлермен бірге залда отырды. Барлық айыптаумен келісіп, өз кінәсін бірден мойындаған Затай сот отырыстарын қысқартылған тәртіп бойынша өткізуді сұраған. Судья оның бұл талабын қанағаттандырып, айналасы бір айға жетпей үкім кесіпті. Оған сай Валериий Затай пара көлемінен 60 есе артық болатын соманы, яғни 30 миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды. Естеріңізге салсақ, экс-шенеунік бір айдан аса уақыт бұрын тапа-тал түсте, азық-түлік дүкенінің жанында пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Бұл қаржыға Валериий Затай  шаһардағы құрылыс фирмасының біріне қажетті лицензия берудәі тездетпек болған.

Александр Никитенко, адвокат:

-Біздің ойымызша әділ де заңды үкім шықты. Ешқайда шағымданбаймыз. Егер прокуратура тарапынан шағым болмаса,  біз үкімге толығымен қанағаттанып отырмыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде