{metadescription}
Қарағандылық монополист жұрттың ақшасын қайтаратын болды
Қарағандылық монополист жұрттың ақшасын қайтаратын болды

Қарағандылық монополист жұрттың ақшасын қайтаратын болды

Қарағандыда сот бүкіл облысқа жарық беретін монополисті тұтынушылардың 1 миллиард теңгесін қайтаруға міндеттеді. Сонымен қатар, энергетикалық компания мемлекет қазынасына 30 миллион теңге төлеуі тиіс.

«Жезқазғанэнергосбыт» компаниясы 2014 жылдың желтоқсанына өз еркімен киловатты/сағатына 19 теңгеге дейін көтеріп жібергені анықталған. Сот барысында монополистің заңгерлері тарифтің бұлайша көтерілуіне негіз болатын дәйектерді келтіре алмады. Сондықтан судья компанияны жарық ақысын түсіруге және жұрттан жинап келген артық ақшаны қайтаруға міндеттеді.  Дегенмен осы мәселе төңірегінде монополияға қарсы агенттік пен монополист арасында айтыс -тартыстың жүріп жатқанына екі жылдан асты. Осы жолы да монополист шыққан шешіммен келіспей отыр.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде