{metadescription}
Көкшетауда жерленген жігіттің сүйегі қайта қазып алынды
Көкшетауда жерленген жігіттің сүйегі қайта қазып алынды

Көкшетауда жерленген жігіттің сүйегі қайта қазып алынды

Мүрдеге енді алматылық тәуелсіз мамандар сараптама жасамақ. Қара жамылған отбасы мұндай қадамға әділдік орнату үшін барғандарын айтуда. Өйткені, ұлдары –Александрдың өліміне кінәлілер бостандықта жүр,-дейді.  Құқық қорғау органдары бір жыл бойы тергеу жүргізгенімен, бұл іске әлі күнге дейін нүкте қойылмаған. 21 жасында қыршын кеткен Александр Сиухиннің әке-шешесі шындыққа көз жеткізбей қоймаймыз деп отыр.

Өткен жылы күзде жерлеген ұлдарын қара жерден қайта қазып алу ата-анаға оңайға түскен жоқ. Бірақ, бұл қадамға құзырлы органдардан әділдік  таппағандықтан барып отырмыз дейді Сиухиндер. Олар жүргізілген тергеуге күмәнмен қарайды. Енді сот-медициналық сараптаманы қайта жасату үшін моланы қаздыруға мәжбүр болды. Айта кетерлігі, бұл жерде тәртіп сақшылары аздап қобалжыған сияқты.

Оқиға былтыр қыркүйек айында болған. Александар бес жігітпен бірге солардың бірінің пәтерінде көңіл көтеріпті. Мына бейнебақылау камерасы  олар жиналған үйдің подьезіне орналасқан екен. Қыздар да болыпты. 2 күнге ұласқан көңілді отырыстың соңы Александр Сиухиннің өлімімен аяқталған. Сот-медициналық сараптама жас жігіт мас болып құлап, қылқынып қалды. Яғни бұл жазатайым жағдай деген қорытынды шығарған. Бірақ баламыздың өлімі кісі қолынан болды дейді ата-ана.

Светлана Сиухина, марқұмның анасы:

-Сашамен бірге болған жігіттердің бәрінің есімдері  белгілі. Бірақ оларды 72 сағатқа да қамаған жоқ. Олар іске куәгер ретінде тартылған. Қалай сонда, сараптамада айтып тұр ғой буындырған деп.Ол құласа да,өз өзінен буынып қалмайды ғой. Мен істің ақ-қарасын анықтамайынша тоқтамаймын. Әйтпесе, бір өлген баламды екі рет жерлеу маған оңай ма?

Бұл қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Александрдың достарының оған куә ретінде тартылғанын полициядағылар растады. Мәйітке сараптама жасаған маманнан да жауап алынды дейді олар. Ал марқұмның өз-өзінен буынып қалғанына толық дәлел бар екен.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Сот-медициналық сараптама көрсеткеніндей оның мойнынан қан кеткен, тіл асты сүйегі сынған. Құлаған кезде қатты соғылыпты. Сөйтіп, буынып қалған. Сондай-ақ, химия-токсикологиялық  сараптама да оның және достарының мас болғанын дәлелдеді. 

-Жергілікті сарапшылардың сараптама қорытындысына күмәнмен қараған Сиухиндер Алматыдан арнайы тәуелсіз сарапшылар шақыртқан. Мәйітті қазып алып, қажетті материалды алған мамандар өз зертханаларында тексереді. Сараптама  дайын болу үшін әлі бір ай уақыт керек. Ал марқұмның денесі кешікпей жер қойнына қайта тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде