{metadescription}
Үкімет қырғыздарға керек болмаған 100 миллион долларды қайда жұмсамақ?
Үкімет қырғыздарға керек болмаған 100 миллион долларды қайда жұмсамақ?

Үкімет қырғыздарға керек болмаған 100 миллион долларды қайда жұмсамақ?

Депутаттар «ҚазАвтоЖолға» қазынадан қаржы бөлуге қарсы. Мәжілісмен Айқын Қоңыров басшылары жемқорлық дауынан көз ашпаған компанияға қайта-қайта ақша аударуды тоқтатуды талап етті. Үкімет мүшелері бүгін үш жылдықтың бюджетін нақтылап алу үшін төменгі палатаға келген. Анықталғандай, шенеуніктер «ҚазАвтоЖолға» тағы миллиардтар бөлмекші. Сондай-ақ, министрлер қырғыздарға керек болмаған 100 миллион долларды да жұмсаудың есебін тауыпты.

-Үкімет биылды қосқанда алдағы үш жылдың кірісі мен шығысын өткен жылы есептеп, бекітіп алған. Бүгін қазына қаржысына жауапты министрлер осы он айда болған өзгерістерді қайта қарап, депутаттарға түсіндірді. Және кейбір салаға қосымша қаржы бөлетіндерін ескертті.

Мәселен, Үкімет биыл басшылары бірінен кейін бірі парамен ұсталған «ҚазАвтоЖолға» қосымша 50 миллиард теңге бермек. Бірақ шұрық тесік жолдарды жөндеудің орнына мемлекеттің миллиондарын жымқырған компанияға тағы теңге беру жөнсіз дейді депутаттар.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

- «ҚазАвтоЖолға» 50 миллиард теңге бөлмексіздер. Ал бұл компанияның басшылары 1 миллиард теңге жымқырған. Жолдың сапасы болса нашар. Сонда бұл мекемеге неге ақша бөле береміз?

Депутаттың сөзінің жаны бар. Биыл «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Петропавл, Павлодар, Қарағандыдағы филиалдарының басшылары кезек-кезек парамен ұсталды. Дегенмен, Инвестициялар және даму министрі «ҚазАвтоЖолға» шаң жуытпады. Жеңіс Қасымбек 50 миллиардты компанияның жеке шығындарына емес, республикалық трассаларды жөндеуге жұмсаймыз деп отыр. Сондай-ақ, бүгін қырғыздар қажет қылмаған қаржының да қайда жұмсалатыны айтылды. Бішкек техникалық көмек ретінде берілген 100 миллион доллар, яғни, 34 миллиардқа жуық теңгені қайтарған соң, біздің бюджеттің шығыны  14 миллиард теңгеге қысқарыпты.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-4,2 млрд. теңге Президенттің "Рухани Жаңғыру" бойынша бастамасын іске асыруға бөлінеді. 33 млрд. теңге əскери және ішкі істер органдарының қызметшілерінің бұрын көтерілген жалақыларын қаржыландыру үшін көзделеді. 22 млрд. теңге Назарбаев университетінің 2 және 3 іске қосу кешендеріннің құрылысын аяқтауға және академиялық блокты кеңейтуге бағытталды.

Сұлтанов 4 миллиардтан астам теңгеге азаматтардың санасын қалай жаңғыртатындарын ашып айтпады. Тек «зерттеу жүргіземіз» деп қысқа қайырды. Үкімет ЭКСПО-ға да тағы 20 миллиард теңге бөлмек. Бұл қаржыға павильондар қайта жөнделіп, кеңселер салады екен. Алдағы үш жылда бір де бір қымбат медициналық құрылғы да сатып алынбайтын болды.

Ерболат Досаев, ҚР вице-премьері:

-Өткен жылдары бюджеттен қымбат медициналық құрылғыларға қыруар қаржы жұмсадық. Қазір олардың көбін дәрігерлер толық пйадаланып та жатқан жоқ. Бізде бүкіл аймақ бойынша осындай ақпарат бар. Сондықтан, алдағы үш жылдық бюджетте қымбат құрылғыларға ақша бөлінбейді. 

Мәжілістегі жалпы отырысқа Ұлттық банк басшысы да келді. Данияр Ақышев бензин, көмір мен көкөністің бағасының қымбаттауына байланысты елімізде инфляция деңгейі көтерілуі мүмкін деп отыр.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Инфляция 2017 жылы қаңтар-қыркүйекте 4,2 пайыз болды. Жылдық көрсетуде 7,1 пайыз. Алайда Ұлттық банк қазан айында инфляцияның өсу қауіпін көріп отыр. Бұл жанармай, көмір және көкөніс бағаларының өсуіне байланысты. Осы тауарлар нарығында сұраныс пен ұсыныс дисбалансы бар.

-Сондай-ақ, Ақышев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдың ел экономикасына әсеріне қатысты да пікірін айтты. Ұлттық банк басшысының ойынша, шекарадағы қиындықтар мен қатаң тексерудің салдары теңгенің құны бір тиынға да арзандамайды. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы төмендеп кетсе де экономикамызға қауіп төніп тұрған жоқ деді Бас банкир.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде