{metadescription}
Батпаққа батқан астаналықтар әкімдіктен көмек сұрады
Батпаққа батқан астаналықтар әкімдіктен көмек сұрады

Батпаққа батқан астаналықтар әкімдіктен көмек сұрады

Елордада тұрып, ауылда жүргендей! Бүгін ми балшыққа батқан астаналықтар шу шығарды. Айтуларынша, үйлеріне апаратын жол болмағандықтан, үш жылдан бері шалшық кешуге мәжбүр.

-Мәңгілік ел қақпасының ортасында тұрмыз. Арғы жағымызда Ақорда тұр. Барлығы тұр бірақ, біздің кіп-кішкентай жерімге ешқандай жағдай жоқ.

Расында, жолы жоқ тұрғын үй Есілдің сол жағалуында орналасқан деп айту қиын. Жолдың астаң-кестеңі шыққан. Әсіресе, тұрғындарға көктем мен күз мезгілінде жүріп-тұру үлкен мұң. Айнала ми батпаққа айналатындықтан жұрт аяғына амалсыз целлофан киеді. Оның үстіне, осы батпақтың кесірінен тұрғын үйге такси де келмейді екен. Енді жұрт әкімдіктен жылдамырақ асфальт төсеп беруін сұрап отыр.

Сәтгүл Досмағамбетова, Астана қаласының тұрғыны:

-Кішкентай немерелеріміз мектепке, курстарға өтетін уақытта жетектеп жүген біз де құлап қаламыз. Батпаққа балалар да құлап қалады. Аяғымызда бір-бір целлофан ары бері өту бізге қиын. Астанада отырып осындай жағдайда отырған әсіресе балаларға обал. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде