Бүгін Көкшетауда судья Жанна Бердіғұлованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот басталды
Айыпталушы – бұған дейін де мойнына кісі қанын жүктеп, сотталған 33 жастағы азамат.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
02.11.2017
Ғалым Қайшыбеков, Ақмола облыстық сотының судьясы:
-Қазір жабық түрінде сот қаралады.Сол себепті БАҚ өкілдеріне қатысуға болмайды. 99-шы бап адамға қасақана қаза келтіру және де басқа баптар бар. Осы іс бойынша сот үкімі егер де шығатын жағдайда қатысып баптарды білуге болады.
Ал бұл процестің не үшін жабық өтіп жатқанын сот қызметкерлері түсіндіріп бере алмады. Негізі, әдетте мемлекеттік құпия болса немесе зорлау дерегі анықталса, сотқа осылай артық адам кіргізілмейтін. Бірақ бұл мемлекеттік құпия дейтіндей іс емес. Қанды оқиға биыл маусым айында болған еді. Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердіғұлованы өз пәтерінде буындырып өлтіріп кетті. Кешікпей судьяның өліміне қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы Медет Әбдірахманов ұсталды. Бұған дейін де кісі өлтіріп, зорлық-зомбылық жасау деректері бойынша кесілген 14 жылдың 9 жылын ғана өтеп, түрмеден шыққан. Енді ол тағы да адам өлтірді деп айыпталып отыр. Әбдірахманов судьяның пәтеріне жиһаз жөндеуші болып кіріпті. Ал әріптестері ғұмырының 28 жылын сот саласына арнаған Жанна Бердіғұлованың өлімін қызметімен байланыстырмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!