{metadescription}
Тікелей эфир: Ерденаев қылмысын мойындады
Тікелей эфир: Ерденаев қылмысын мойындады

Тікелей эфир: Ерденаев қылмысын мойындады

Сонымен қатар, өзі ынта білдіріп, тергеушілерге қылмыстың жай-жапсарын анықтауға көмектескен. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы төрағасы тергеуге осылай көмектесіп, жеңілірек жаза алудан үмітті. Айта кетсек, Руслан Ерденаев мемлекетке 5 миллиард шығын келтіргені және пара алғаны үшін айыпталып отыр.

-Ербол, 5 миллиардты жоқ қылған жалғыз Ерденаев емес шығар. Өзі неше адам сотталып жатыр?

-Иә, Ерланби, бұл істе Руслан Ерденаевтан басқа тағы бес адам бар. Барлығы да адвокаттарын жалдап алып, өздері айыпталушы орындығында отыр. Тек тілшілердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік болмады.

Судья фотоға немесе бейнетаспаға түсіруге тыйым салды. Сондықтан, елдің жылдап жиған ақшасын жеке пайдаларына жаратқандарды тура сот залында түсіре алмадық. Ерденаевтың адвокаты қорғауындағы азаматтың өз кінәсін мойындағанын және қылмыстық істі ашу барысында тергеушілерге басынан бастап көмектескенін ғана айтты.

Ал айыпталушылар орындығында Руслан Серікұлынан бөлек, 5 миллиардты жеді делініп жатқан тағы бес адам отыр. Олар: Ерденаевтың орынбасары болған Дабыр Медетбеков, қордың қаржы тәуекелділігі басқармасының бастығы Мұса Бахтов, «Бозгул Аурум» серіктестігінің құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев пен осы компанияның директоры Азат Найзағарин және қор мен компания бысшыларының ортақ танысы Талғас Тұртаев бар.

-Ербол, бұл алтаудың нақты не үшін айыпталып жатқанын айтып берсең...

Жалпы, қылмыстық істің сипаты мынадай. Осыдан тура бір жыл бұрын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан қор биржасында «Бозгул Аурум» компаниясының 500 мың облигациясын сатып алған. Оған 5 миллиард теңге жұмсалыпты. Негізі қордың тәуекелділікті зерттеу департаментінің тұжырым жасап, бұл инвестициядан аулақ болу қажеттігін ескерткен екен. Бірақ, оған қарамастан сауда жасалған. Ал мұның бәрінің басында Руслан Ерденаев тұр дейді тергеушілер. Ол сонымен қатар, осы қызметі үшін пара алды деп те айыпталып жатыр.

Ерданаев пен оның сыбайластарына қатысты әзірге тек алдын ала тыңдау ғана өтті. Қылмыстық істің өзі аса ауыр санатына жатқызылғандықтан, үкім шыққанша біраз уақыт өтейін деп тұр. Ерланби!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.