Қарағандының «Шахтер» футбол клубын бұрынғы шенеунік сатып алды
Кейінгі кезде аяқ алыстары нашарлап кеткен аяқдопшылар клубының құны аукцион бойынша 1 мың теңгеден басталып, 380 миллион теңгеге жеткен.
Автор: Саят Сабдалы
02.11.2017
«Шахтердің» жаңа қожайындары клубтың есепшісі мен қала әкімдігінде бөлім басқарған бұрынғы шенеунік екен. Бірақ олар қомақты соманы бірден емес, 5 жыл ішінде төлеуі тиіс. Мұны шенеуніктер сенімгерлікпен басқару үлгісі деп отыр. 2 жыл бойы басыбайлы сатылып кете алмағандықтан осындай тәсіл қолданылыпты. Бірақ сатылды деген аты болмаса клуб бұрынғысынша бюджетті сүліктей соруын доғармайды. Спортқа бағытталған қаражатты бұлар енді мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша алып отырмақ. Ал «Шахтердің» бір жылдық бюджеті 3 миллиард теңге көлемінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!