Шенеуніктер қымбат көлік сатып алуға бюджеттің 7 миллиард теңгесін жоспарлап қойған
Шенеуніктердің жайлы көліктеріне бюджеттен 7 миллиард теңге жұмсау жоспарланған. Ақ жағалылардың сұраныстары шарықтап кеткеніне меңзеген "ҚазАвтоӨнеркәсіп" одағы импорттық көлікке мүлдем тыйым салуды сұрайды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
02.11.2017
Биыл біздің шенділер үшін сырттан өткен жылмен салыстырғанда жеті жарым есе көп импорттық темір тұлпар алыныпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 67 техника сатып алынса, биыл 508. Мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар импорттық көлікке 6 млрд 700 млн теңге жұмсауға дайын. Әсіресе өңірлік әкімдіктер қымбат жол талғамайтын жапон көліктерін жақсы көреді екен. Оның ең арзаны қазынаға 24 млн теңгеге түседі. Енді ҚазАвтоӨнеркәсіп одағы мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Онда мемлекеттік қызметкерлер шеніне қарай көлік мінсін, шетелдің өніміне шектеу салынсын, сатып алуларда отандық көлікке басымдық берілсін делінген. Сонда жыл сайын көліктен кем деген 1млрд теңге үнемделмек.
Олег Алферов, ҚазАвтоӨнеркәсіп одағының төрағасы:
– Мемлекет соңғы 15 жылда отандық авто өнеркәсіпке көп қаражат құйды. Президенттің өзі «отандық өнім ал» деп ұран салып жатқанда, осы көштің алдында болуы тиіс мемлекеттік органдардың шетелдікіне жүгіргені түк түсініксіз. Тіпті қисынсыз. Ал шалғайдағы аудандық әкімдер үшін нағыз жұмыс көлігі Нива бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!