{metadescription}
Алматы облысында әділетсіздікке күйінген жұрт  басынған полицейлерді жазаға тартуды талап етті
Алматы облысында әділетсіздікке күйінген жұрт  басынған полицейлерді жазаға тартуды талап етті

Алматы облысында әділетсіздікке күйінген жұрт басынған полицейлерді жазаға тартуды талап етті

Алматы облысында тұтас бір ауыл тұрғындары Бас прокурордан өңірдегі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерін жазаға тартуды сұрап отыр. Айтуларынша, заң бұзушылықпен күресуі тиіс мекеме өкілдері жұртқа негізсіз жала жауып, олар темір торға түспес үшін туыстарынан ақша бопсалауды әдетке айналдырған. Талай арыз да жазылғанымен, тәртіп сақшылары ары кетсе жұмыстан қуылумен шектеледі екен.

Погондылардан қысым көрдік деген Бақалы тұрғындары Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерін жазаға тартқыза алмай жүр. Айтуларынша, олар өткен жазда елді мекенге тапа-тал түсте баса-көктеп кіріп, жұрттың зәресін алған. Сөйтіп көзге түскен бірнеше адамды ұрлап әкетіп, жасамаған қылмысты мойындарына алуды міндеттепті.

Марат Тұрысбеков, Бақалы ауылының тұрғыны:

-Олар мені қамаған соң Мамырбаев Советханды, Құсайынов Қасенәліні, Досыбаев Бағланды шақыр деді.  Тағы да 4-5 жігіт дайындаңдар, ашылмаған мал ұрлық қылмыстарын мойнына алсын деді. Сосын 20 мың доллар ақша қоясыңдар деп талап етті.

Жұрттың айтуынша, полицейлердің сорақы әрекеті біраз жылдан бері жалғасып келеді. Қазір ауыл тұрғындары үйлерінен шығуға қорқатын болған. Өйткені тәртіп сақшылары кез-келген уақытта жігіттердің қалтасына өздері есірткі салып, өздері ұстап әкетуі мүмкін екен.

Кенжетай Жазылбеков, Бақалы ауылының тұрғыны:

-Жазасын беруді сұраймын. Олар шектен асып кетті. Бұлар рэкет. Бандиттер.

Шенеуніктер де полицейлердің жұмыс тәсілін құптап отырған жоқ. Шектен шыққанын олар да айтты.   

Бекен Дәнекеров, Бақалы ауылдық әкімдігінің бас маманы:

- Елдің бәрін ұстағанын ұстады.Көбісіне есірткі тыққан, мылтық тастаған. Көбісін күшпен істеген.

Тәртіп сақшыларының бассыздығы Олжас Тұрысбековтың арызынан соң әшкере болды. Яғни бір тәулікке тергеу қапасына қамалып, кейін ауруханадан бір-ақ шыққан 26 жастағы жігіт полицейлердің үстінен шағым түсірген. Сөйтіп, үш жедел уәкіл оған күш көрсеткені үшін айыпты деп танылып, үш жылға түрмеге жабылған. Бірақ сотталғандардың туыстары қылмыскерлерді басқа жақтан іздеу керек деп отыр.

Әсемгүл Әдішева, сотталған полицейдің туысы:

-Неге бұл істе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жоқ? Олжасты ауылдан ұстап әкетіп қамаған солар емес пе, бірде-біреуі жауапқа тартылмады. Ал сотталған үш азамат сол кезде Ішкі істер бөлімінде отырған, ауылға да бармаған.    

Ал облыстық ішкі істер басқармасы ауылдың астаң-кестеңін шығарғандарды бірден қызметінен кетіріпті.  

Жанар Төлегенқызы, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:

-Шағым түскеннен кейін екі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тергеу амалдары аяқталғанан кейін, ішкі істер органдарынан өз еріктерімен шығарылды.

Полицейлердің жұмыстан қуылғанына жәбірленушілер қанағаттанбай отыр. Қасқыр терісін жамылған бұрынғы тәртіп сақшылары қызметтеріне қайта келіп, байырғы әдеттеріне басады дейді олар. Тіпті әлден ақ, экс-полицейлер ауылға келіп, адамдардан кек аламын деп қорқытып жүрген көрінеді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде