Маңғыстау облысында даяшының бетіне қайнаған май шашып жіберген күдікті қамауға алынды
31 жастағы тұрғын енді сот басталғанша Ақтаудағы абақтыда отыратын болды.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.11.2017
Кеше хабарлағанымыздай, оған 20 жастағы Сымбат Қозыбай беймезгіл уақытта дәмханаларында сыра сатылмайтынын айтқан. Бұған ашуланған жігіт қазанда қайнап тұрған майды теуіп жібереді. Шашыраған майдан Сымбаттың денесінің отыз пайызы күйіп қалған. Қазір облыстық ауруханада ем алып жатыр. Ал қызуқанды азаматқа қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдағы күндері бұл айыпты денсаулыққа қасақана зақым келтіру деп өзгертуі мүмкін. Осыған байланысты жаза да ауырлайды. Ал беті-басы күйген бойжеткеннің туыстары жігітті кешірмейміз деп отыр. Оның заң алдында жауап бергенін қалайды.
Жандарбек Спан, Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары:
-Қамауда ұстау турасында бұлтартпау шарасын қолдану шешілуде қазіргі уақытта. Бүгінге дейін күдіктіні үстамау себебіміз іс бойынша сот медициналық сараптаманың қорытындысы дайын болмауына байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!