{metadescription}
Семейде жантүршігерлік жол апаты болды
Семейде жантүршігерлік жол апаты болды

Семейде жантүршігерлік жол апаты болды

Семейде жан түршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында 2 жастағы бала бар.

Жол апаты түн жарымында, қаланың қақ ортасында болған. БМВ-ны тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші кішілеу көшеден үлкендеу жолға шығып келе жатқан Ладаны қағып өте шыққан. Соған қарағанда, неміс көлігі өте қатты жылдамдықпен келген сияқты. Ал Ладада отырған 64 және 24 жастағы екі әйел оқиға орнында жан тапсырды. Осы көліктен ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген баланың да өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Екі машинаның да жүргізушілері дін аман. Қазір полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар жол апатына кімнің кінәлі екенін анықтап жатыр.

Елеубек Оспанов, Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы:

-Екі жүргізушінің кінәсін нақтылайтын сараптамалар және басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесінде процесуалдық шешім қабылданатын болады. Қазіргі таңда, сот-медициналық сараптамасының негізінде БМВ автокөлігінің жүргізушісі сау болған. Ал, ВАЗ-2112  көлігінің жүргізушісінің де  ішімдік ішкені анықталған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде