{metadescription}
Елімізде ең қымбат бензин Шалқар ауданында сатылып жатыр
Елімізде ең қымбат бензин Шалқар ауданында сатылып жатыр

Елімізде ең қымбат бензин Шалқар ауданында сатылып жатыр

Бензин бағасының әлі түспей тұрғаны осыдан болса керек. Ал еліміздегі ең қымбат жанармай қазір Ақтөбе облысында. Мәселен, Шалқар ауданында АИ -92 маркалы жанармай 190 теңгеден сатылып жатыр. Бензин бағасының бір күн ішінде осыншалықты қымбаттағанына көлік жүргізушілерінің өздері таң.

Шалқардағы бұл бағаны арзандатуға жергілікті биліктің әлі келмей отыр. Өйткені шалғайдағы ауданға Ресейден жанармай жеткізу қиындап кеткен. Атыраудағы зауыт өнімі облыс орталығының өзінен артылмайды. Сондықтан жол шығынына байланысты кәсіпкерлер бензинді тек бес теңгеге түсіруге ғана келісіпті. Ал Ақтөбенің өзінде әзірге баға тұрақты. АИ-92-нің литрі 151-158 теңге аралығында.

Гүлсім Мұқанова, Шалқар қаласының әкімі:

-Одан кейін тасымал болмай қалды. Ақтөбенің өзінен «Батыс жер» деген компания бар. Солар арқылы Ресей арқылы  алдырған кезде 170 теңгеден сатып алған. Шалқарға дейін 370 шақырым. Есептеп көріңіздер жеке адамдар әкеледі. 185- ке дейін көтеріліп кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде