{metadescription}
Президенттен сөгіс естіген  Бозымбаев "Қазмұнайгаздың" топ-менеджерлерін жұмыстан қуамын деп сес көрсетті

Павлодар мұнай-химия зауытының жөнделуі тағы созылды. Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ерте сүйінші сұрап қойған сыңайлы.

Мерзім 8-ші қарашаға қалды. Сейсенбі күні ведомство басшысы Павлодар зауыты 26-сы күні жөнделіп бітті, алғашқы жанармай шықты деп мәлімдеген. Алайда бүгін зауыттың еуро сапалы бензин шығаратын крекинг қондырғысы іске қосылмағаны белгілі болды. "Қазмұнайгаз" топ-менеджері Данияр Тиесов пен зауыт басшысы Шухрат Данбайдың уәдесіне әбден тойған Бозымбаев қазір ашулы. Жылы орындарынан айырылуы мүмкін екенін сезген жауаптылар бүгін жанталасып Павлодарға жүріп кетіпті.

ҚР Энергетика министрлігі:

-«ПМХЗ» ЖШС жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ топ-менеджерін атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде