{metadescription}
Алматы облысында тәртіпке бағынбаған  Қытай азаматтары  полицейлермен төбелесті
Алматы облысында тәртіпке бағынбаған  Қытай азаматтары  полицейлермен төбелесті

Алматы облысында тәртіпке бағынбаған Қытай азаматтары полицейлермен төбелесті

Кеденшілер шалқып жүргенімен, сол шекарадағы полицейлердің жағдайы мәз емес сыңайлы. Қазақстанның тәртіп сақшылары шатақ шығарған қытайларға әлі келмей, ақыры өздері таяқ жеп қала жаздады.

Қақтығыс "Қорғас" кеден бекетінде болған. Қытай азаматының әлденеге қатты ашуланғаны көрініп тұр. Бастапқыда біздің полицейлер оны көлікке отырғызуға тырысқан. Алайда, қызуқанды қытай бой бермей, тіпті тәртіп сақшыларының өзін тепкілей жөнелді. Сөйтіп, ақыры қашып кеткен. Алтамы облыстық Ішкі істер департаментіндегілер тентек қытайдың кейін ұсталып, хаттама толтырылғанын мәлімдеді. Бірақ текетіреске не себеп болғанын айтқылары жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде