Алматы мен Астанада оқушыларға арналған ерекше тур өтіп жатыр
Онда оқу үлгері мен тәрбиесі жақсы балалар еліміздің түкпір-түкпіренен келіп елбасының қызметімен тығыз байланысты жерелерге саяхат жасайды. Экскурсия маршрутына президет білім алған Шамалғандағы мектептен бастап Астанада төріндегі Елбасы мұражайы, қоры мен кітапханасына дейін кірген. Оқушылардың алғашқы легі саяхатты бастап та кетті.
03.11.2017
Шымкеттік балалардың бүгінгі саяхаты Шамалған ауылынан басталды. Олар бірінші кезекте елбасы білім алған мектепке барды. Шалғайдан келген құрдастарына Қарасай батыр атындағы орта мектептің оқушылары экскурсияны өздері жүргізді. Нұрсұлтан Әбішұлының туған жеріне табаны тиген жас ақындар сезімдерін жырмен шумақтады.
Аякөз Әбдуәлиева, Өтеп Батырбек атындағы өнер мектебінің оқушысы:
-Елбасымыз ұмытпаймыз есіміңді, жас ақынның қолдаған шешіміңді. Елбасының білімі Тянь-Шаньдай, пейіліне теңеймін Есілімді, деп бастаған жыр тұңған жүрегімдегі жыр шумақтары осы экскурсия арқылы өріле түсті.
Тур барысында оқушылар президент оқыған мектепте партасына да отырып көрді. Тұңғыш президенттің үй мұражайына аралап, елбасының қолданған заттарымен жақынырақ танысты. Балаларға бұндай мүмкіндікті Тұңғыш президент қоры мен Kazakh Tourizm компаниясы жасап отыр. Ерекше саяхатқа ең үздік оқушылар іріктеліп алынған.
Ғазиза Қалымбетова, Кентау қалалық білім беру бөлімінің әдіскері:
-Жалпы бұл президеттік қордың ұйымдастыруымен өтіп жатқан үлкен іс шара. Бұған біз оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау мақсатында шығарма және ЭССЕ жазғызып ең үздік жазғандарды таңдап алдық. Байқау бұнымен бітпейді енді олар саяхаттан көрген білгендерін түйіп тағы да шығарма жазып жүлдегер атанады.
Оңтүстіктің оқушылары Алатау баурайында саяхаттап жүрсе, Қарағанды мен Павлодардың білімгерлері жолдаманы Астанаға ұтып алған. Олар Елбасы мұражайын аралап, Назарбаев университетімен танысып, тіпті Бейбітшілік пен келісім сарайы, сондай-ақ Бәйтерекке де барып үлгерген.
Ақерке Берлібай, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының баспасөз хатшысы:
-Бұл жобаның негізгі мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру. Елбасының өмірі мен қызметін көрсету арқылы олардың көшбасшылық қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушылардың күзгі демалыстарының қызықты әрі мәнді болып өтуіне жағдай жасау.
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл турға алты облыстың 500 ге жуық баласы қатысып жатыр. Жобаның ұйымдастырушылары алдағы уақытта еліміздің барлық аймағын қамтып, демалыс кезінде оқушыларға естен кетпес ерекше сахат сыйлаймыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!