Астанада наркологиялық диспансердегі адам өліміне қатысты атышулы сот аяқталды
Судья полиция сержанты мен фельдшер және орталықтың екі қызметкерін кінәлі деп тапты. Бұл төртеуі сараптамаға жеткізілген 29 жастағы Николай Кривенконы жабылып сабап, абайсызда өлтіріп алғаны үшін айыпталған болатын.
Автор: Досжан Маратұлы
03.11.2017
Ұбайдолла Қошанов, судья:
-Берік Мырзабеков 10 жыл бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орта тәртіптегі колонияда өтейді. Мерзім қамауға алынған уақыттан бастап есепке алынсын.
10 жыл жаза арқалаған Берік Мырзағалиев бұрынғы полиция сержанты. Ол наурыз айында көшеде тәртіп бұзғаны үшін Николай Кривенко есімді жігітті ұстап, наркологиялық диспансерге жеткізген. Бірақ, ашулы жігіт тәртіп сақшысы мен орталықтың қызметкерлеріне бой бермей қарсылық танытқаны үшін таяқ жейді. Тіпті, тентекті тезге салу үшін фельдшер мен диспансердің екі санитары да 29 жастағы жігітті жабылып сабаған. Қатты соққыдан Кривенко орталықта көз жұмған. Ал, оны абайсызда өлтіріп алған төртеудің бірі полицей 10 жыл арқаласа, қалған үшеуі 8 жылға сотталды. Бір айта кетерлігі, жаза кесілген орталықтың жап-жас екі қызметкері туған ағайындылар екен. Енді үкіммен келіспеген сотталушылардың жақындары апелляциялық шағым түсірмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!