{metadescription}
Тікелей эфир: Назарбаев "Нұр Отанды" реформалауға кірісті
Тікелей эфир: Назарбаев "Нұр Отанды" реформалауға кірісті

Тікелей эфир: Назарбаев "Нұр Отанды" реформалауға кірісті

Тікелей эфир: Назарбаев "Нұр Отанды" реформалауға кірісті

«Нұр Отанның» құрылымы мен жұмыс істеу әдісі түбегейлі өзгермек. Бүгін жетекші партияның көшбасшысы, президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада саяси ұйымның отырысын өткізді. Елбасы міндеттерді айқындап, алдағы жоспарларды талқылады. "Нұр Отанның" саяси кеңесінен оралған тілшіміз қазір тікелей эфирге қосылғалы тұр.

-Жәудір, қайырлы күн. «Нұр Отандықтардың»  аяқ асты жиналуына не себеп болыпты?

-Қайырлы күн, Ерланби! Бас партия мүшелері бір-біріне есеп беру үшін жиналыпты. Саяси ұйым басшылары жыл басынан бері атқарған жұмыстарын баяндап, алға қойған  жаңа мақсаттарын нақтылау үшін бас қосқан. Кеңейтілген кеңеске партияға мүше депутаттар, шенеуніктердің бәрі келді.

Бірақ, журналистер жиында айтылған әңгімені бүге-шігесіне дейін ести алмады. Президент пен партия төрағасының бірінші орынбасарының баяндамасынан кейін жиын жабық жалғасты. Ал биыл «Нұр Отанның» құрылғанына 18 жыл. Нұрсұлтан Назарбаев осы аралықта еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Партия болашақта да елмен етене болып, халыққа қалтықсыз қызмет етудi жалғастыра бередi деп сенемiз. Алдымызда көп шаруалар бар. Қажеттi бағдарламалардың барлығы қабылданды өздеріңіз білесіздер. Дегенмен, қазіргі жағдайда дүниенің ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласына бүкіл әлем түсіп отырған кезде, біздің де алға қойған мақсаттарымыз аз емес. Сондықтан осының бәріне партия басшы болып жергілікті жерлерде саясатты түсіндіруі қажет.

Жәудір, партия мүшелерінің саны артып па? Және мәселесі бар азаматтар көбіне осы «Нұр Отанға» шағымданып жатады. Партия жұртпен байланыс орнатудың жаңа әдістерін қарастырған ба?     

Иә, Ерланби, қазір  «Нұр Отанның» миллионнан астам мүшесі бар. Саяси ұйымға кірудің талабы күшейтіліпті. Партияға тек абырой әкелетін,  елге сөзі өтетін, беделді азаматтарды ғана қабылдауда екен. Ал азаматтармен байланысқа келсек, партия жұрттан Skype, WhatsApp  арқылы  хат қабылдай бастаған. Саяси ұйымға он айда 190 мың шағым түсіпті. Мәселенің 90 пайыздан астамын шештік деп отыр төрағаның бірінші орынбасары. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде белсенді, жазылушылары көп адамдармен тығыз жұмыс істеу арқылы жақтастарын көбейтіп алған.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Жалпы жазылушылары 6 миллионнан астам еліміздегі аса танымал блогерлермен ынтымақтаса жұмыс істеу нәтижесінде партияның фейсбуктегі жақтастарының саны 5,8 есе, инстаграмда 3,1 есе, твиттерде 1,6 есеге артты.

Яғни, бас партия азаматтардың мәселесін әлеуметтік желілер арқылы шешуге көшкен. «Нұр Отанның» алдағы жоспарлары мен кеңейтілген кеңесте айтылған өзге де ақпаратты кешкі 20:00-дегі қорытынды жаңалықта толықтырамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде