Петропавлда қарақшылар ұсталды
20 мың теңге үшін түрмеге қамалатын болды! Петропавлда бетперде киіп, тапанша түріндегі оттық ұстаған екеу қала дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасады.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
03.11.2017
Мына кадрлар сол дүкеннің бақылау камерасына түсіп қалыпты.Таңғы бесте бетперде киіп, пышақ және оттық-тапаншамен қаруланған екеу дүкенге баса көктеп кірген. Бірі күзетшіге бас салып, оны жерге сұлатқанда, екіншісі қару кезеніп сатушыдан ақша талап еткен. Араға екі күн салып ұсталған қарақшылар тергеу барысында оқиғаның қалай өрбігенін өздері айтып берді. 24 және 19 жастағы екі жігіт дүкен орналасқан ауданда тұрады екен. Қылмысқа тыңғылықты дайындалған сыбайластар қала дүкендерінен бетперде, оттық-тапанша, арнайы киім сатып алған. Арам пиғылдарын жүзеге асырған олар қарсылық көрсете алмаған күзетшінің травматикалық қаруын да тартып алыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!