{metadescription}
Көршілерін пышақтаған Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды
Көршілерін пышақтаған Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды

Көршілерін пышақтаған Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті полиция сапында 11 жыл қызмет атқарған Олжас Амандықовқа қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғаса, аудандық полиция бастығы екі орынбасарымен қоса қызметімен қош айтысты.

Спирттік ішімдікке сылқия тойған шенді полицей көршісінің үйіне барып, сонда жанжал шығарған. Тіпті, ондағы екі тұрғынды пышақпен жаралапты. Түн ішінде шыққан айғайға келген көршілері 29 жастағы тентек майорды әрең ажыратып алған. Бұл жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге таралған соң Созақ полициясы тентек әріптестерінің кесірінен түгел басшысыз қалды.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Созақ аудандық полиция бөлімі бастығы және оның екі орынбасарлары тергеуге байланысты өз орындарынан босатылды.  293 бабы бойынша «бұзақылық» және 362 бабы бойынша ол «билікті немесе өкілетті асыра пайдалану» бойынша іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде