{metadescription}
"Нұр Отан" үгіт- насихатқа  блогерлерді тартып жатқанын айтты
"Нұр Отан" үгіт- насихатқа  блогерлерді тартып жатқанын айтты

"Нұр Отан" үгіт- насихатқа блогерлерді тартып жатқанын айтты

Блогерлердің дәурені жүріп тұр! Әлеуметтік желіде белсенді азаматтар билік партиясының танымалдылығын арттырып жатыр деген билік партиясы енді интернеттегі насихатқа көбірек көңіл бөлмек. Тіпті еліміздегі жетекші партия бастан-аяқ реформаланғалы жатыр. Бүгін Астанада өткен саяси кеңесте партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «өзгеретін кез келді» деді. Сондай-ақ, бүгін кейбір ықпалды шенеуніктердің ұйым қатарынан не үшін шығып қалғаны белгілі болды.

-Бүгін «Нұр Отанға» мүше саяси элита мен аймақтардағы партияның белсенділері тегіс Астанаға жиналды. Саяси кеңесте он айда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланды. Саяси ұйымның көшбасшысы жетістікпен қатар кемшілікті де жасырған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» жұмыс істеу жүйесі ескіргенін ашық айтты. Партияның бағытын жаңарту керек. Яғни, еліміздегі жетекші саяси ұйымның ұстанымы, халыққа мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру әдісі мен жалпы саясаты  түбегейлі өзгеруі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Нам предстоит серьезный разговор, связанный с необходимостью модернизации самой партии «Нур Отан». Потому что модернизируется страна, экономика, и политические силы должны тоже соответствовать этому.

Ал биыл «Нұр Отанның» құрылғанына 18 жыл. Осы аралықта партия еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналды деген президент, мұнымен шектелуге болмайтынын да ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Партия болашақта да елмен етене болып, халыққа қалтықсыз қызмет етудi жалғастыра бередi деп сенемiз. Алдымызда көп шаруалар бар. Қажеттi бағдарламалардың барлығы қабылданды өздеріңіз білесіздер. Дегенмен,  қазіргі жағдайда дүниенің ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласына бүкіл әлем түсіп отырған кезде, біздің де алға қойған мақсаттарымыз аз емес. Сондықтан осының бәріне партия басшы болып жергілікті жерлерде саясатты түсіндіруі қажет.

Ал партия түсіндіру жұмыстарына белсенді блогерлерді пайдалануға көшіпті. Яғни, интернетпен жұмыс істеуге басымдылық беріп отыр. Он айда жұрттан Skype, WhatsApp  арқылы 190 мың шағым түскен. Сондай-ақ, «Нұр Отан» жақтастарын да осы әлеуметтік желі арқылы көбейткен екен.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Жалпы жазылушылары 6 миллионнан  астам еліміздегі аса танымал блогерлермен ынтымақтаса жұмыс істеу нәтижесінде партияның фейсбуктегі жақтастарының саны 5,8 есе, инстаграмда 3,1 есе, твиттерде 1,6 есеге артты.

Бүгін «Нұр Отаннан» шығып қалған шененуніктер жайлы да сөз болды. Мәселен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов енді партияның мүшесі емес.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

-Кәрім Мәсімовтың партиядан шығуы оның қызметіне байланысты. Заң бойынша, құқық қорғау органында жұмыс істейтін адам партияның мүшесі бола алмайды. 

-Қылмыс жасаған, жемқорлықпен ұсталып, істі болғандар да партиядан бірден қуылады. Ал шатылып жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкім шыққанша «Нұр Отанның» мүшесі болып қала бермек. Жалпы, жетекші саяси ұйымға кіру үшін талап күшейген. Партияға тек абырой әкелетін,  елге сөзі өтетін, беделді азаматтарды ғана қабылданбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде