РБК банктің даулы ісіне Назарбаевтың араласуына тура келді
Ұрының орны – түрме! Соңғы уақытта шаруасы шатқаяқтап, басы дауға қалған тағы бір банк – РБК-ның ісіне президенттің өзі араласты. Нұрсұлтан Назарбаев клиентердің ақшасын жегендерді сабасына түсіріп, қаржы ұйымын банкроттан аман алып қалуға уәде берді. Тіпті салымшыларға банктегі қаржысы үшін уайымдамаса да болады деді президент.
Автор: Жәудір Оразхан
03.11.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Я эту проблему знаю. Хорошо знаю. И что там случилось - тоже знаю. Сейчас Правительство активно работает Национальным банком. Банк будет сохраняться и работать.
РБК банкі бірнеше айдан бері клиенттерге өз ақшасын бермей, біраз шу шыққан болатын. Банк бастапқыда тек 50 мың теңгеден ғана беріп, шектеу қойса, енді адамдардың карталарын мүлдем бұғаттап тастаған. Ал бұл банкте квазимемлекеттік компаниялардың миллиардтары, жеке кәсіпкерлердің миллиондары, қарапайым азаматтардың үй, көлік аламыз деп жиған қаржылары бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!