Қарағанды халқы белгілі ақын Жеңіс Қашқыновты еске алды
Қарағандылықтар ақынын дәріптеді. Жеңіс Қашқынов қаламының сиясы құрғағанымен, оқырман есінен кеткен жоқ. Белгілі ақын тірісінде 75 жасқа толар еді. Мерейтойы қарсаңында шайыр халыққа жаңа қырынан танылды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
06.11.2017
Ақтоғайдағы еске алу кешінде жастар мен мектеп оқушылары оның өлең-жырларын мәнерлеп оқыды. «Елдік пен ерлікті жырлаған ақын» атты көрмеде кітаптары, жеке мұрағаттан суреттері мен мақалалалар халық назарына ұсынылды. Жеңіс Қашқынов ақын ғана емес, жауырыны жер иіскемеген балуан болған екен. Қазақ және еркін күрестен спорт шеберінің құрметіне жасөспірімдер арасында аймақтық турнир өтті. Жеңіс Қашқынов – оқырмандарына жиырмаға жуық жыр жинағын ұсынған қарымды қаламгер. Ол көп ақындар қалам тарта бермейтін балалар поэзиясының нар тұлғасы.
-«Жеңіс Қашқынов - Ақтоғайдың тумасы. Қазақ балалар поэзиясының іргетасын қалаған ақындардың бірі. Ол кісіні көп ел балалар поэзиясының өкілі деп ойлайды, ол кісі кейінгі жылдары кең тынысты эпикалық жыр-дастандар жазған, кітаптары шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!