{metadescription}
Инсульт жасарып барады
Инсульт жасарып барады

Инсульт жасарып барады

Әдетте егде жастағы адамдарда кездесетін қатерлі ауру енді жасөспірімдерге дейін ауыз сала бастаған. Оның алдын алу үшін ақ халаттылар алкогольді азайтып, темекіден бас тартуға шақырып отыр.

Мақсұт Ибрагимов, №7 қалалық аурухананың нейроинсульт орталығының меңгерушісі:  

-Жүз адамның төртеуі бүгінде инсультпен ауырады. Олардың арасында жастар көп. Әсіресе, жаңа босанған жас келіншектерде көп кездеседі. Бұның басты себебі, экология мен психо-эмоционалдық күйзелістерден болып отыр.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша елімізде 31 мың адам жүрек талмасына шалдыққаны анықталған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда науқастар саны 4 мың адамға дейін артқанын көрсетіп отыр. Соның шамамен 40 пайызы еңбекке қабілетті орта жастағы адамдар екен. Жасөспірімдерді былай қойғанда, мұның өзі дабыл қағатын жағдай дейді дәрігерлер. Аурулар санының көптігінен, бір Алматының өзінде 4 инсульт орталығы болғанымен, ол бәрін қамти алмай отыр. Жалпы, түрлі сырқаттан қайтыс болатын адамдардың 13 пайызы осы ажалды жүрек талмасынан табады екен. Сондықтан дәрігерлер дабыл қағып, алдын алу шараларын күшейту керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде