{metadescription}
АҚШ-та тағы қанды қырғын
АҚШ-та тағы қанды қырғын

АҚШ-та тағы қанды қырғын

Техас штатындағы шіркеулердің бірінде қаскөй адамдарға оқ жаудырып, артынша өзі атылып өлді. Алдын ала мәліметтер бойынша, атқыш кезінде әуе күштерінде қызмет атқарған.  

Қанды оқиға баптистердің шіркеуінде болды. Құлшылық етуге келген жұрттың соңынан қарумен кірген қаскөй үлкен-кіші демей, бәріне жаппай оқ атқан. Салдарынан 26 адам қаза тауып, 30-ға жуығы ауыр жараланды. Қарапайым тұрғындарды қынадай қырған қылмыскер артынша қала сыртына барып атылып өліпті. Полиция оның мәйітін көлігінің ішінде тапты. 26 адамды жер жастандырған жауыз бұрынғы әскери Девин Келли боп шықты. АҚШ-тың әскери әуе күштерінде қызмет еткен ол әйелі мен емізулі баласын ұрып-соққаны үшін трибуналға тартылып, кейін әскер қатарынан қуылып тынған екен. Осы жолы да оның кесірі кілең әйелдер мен бала-шағаға тиіп отыр. Шіркеуде оның қолынан қаза тапқандардың ең үлкені -72-де, ал кішісі - әлі 2 жасқа толмаған сәби болған.        

Грег Эбботт, Техас губернаторы:

-Қарт кісілер мен бала-шағаға қатысты мұндай қастандық жасалған емес. Техас тарихындағы бұл бірінші жантүршігерлік жағдай. Бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған қаскөйдің не мақсаты болғаны белгісіз. Тергеу ақиқатына жетеді деп күтеміз. Қаза тапқандардың арасында  2-10-14 жастағы балалар бар. Жаралылардың арасында да жасөспірімдер көп. Дәрігерлер қазір олардың өмірі үшін күресіп жатыр. Жағдайлары тым ауыр. Олардың сауығып кетуін тілейік.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде