{metadescription}
Бабанов өзіне қатысты қозғалған іске қатысты мәлімдеме жасады
Бабанов өзіне қатысты қозғалған іске қатысты мәлімдеме жасады

Бабанов өзіне қатысты қозғалған іске қатысты мәлімдеме жасады

Таққа таласқан басты үміткердің сотталуы мүмкін! Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековтің сайлау кезіндегі негізгі қарсыласы Өмірбек Бабановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Ата-жұрт» партиясының төрағасына конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге тырысты және ұлтаралық, нәсілдік, діни араздықты қоздырды деген айып тағылған.

Даудың басы Бабановтың саяси дода алдында Ош қаласындағы өзбектермен өткен кездесуінен басталған. Ол сол жиында Қырғызстанда ұлттар теңдігі жоқ екенін айтып, халықты көтеріліске шығуға үгіттеген көрінеді. Бұл әрекеті арқылы өзіне көбірек дауыс жинамақ болыпты-мыс. Бірақ, істі болып жатқан Бабановтың өзі айтқан сөзім бұрмаланған деп отыр. Әрі бұл қылмыстық істің саяси астары бар деп мәлімдеді. Айта кетсек, президент бола алмай қалған «Ата-жұрт» партиясының көшбасшысы қазір Ресейде емделіп жатыр. Өмірбек Бабанов 15 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбековтің басты қарсыласы болды. Оны халықтың 33 пайыздан астамы қолдаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.