{metadescription}
Түркияда тағы бір отандасымыз жантүршігерлік жол апатына түсті
Түркияда тағы бір отандасымыз жантүршігерлік жол апатына түсті

Түркияда тағы бір отандасымыз жантүршігерлік жол апатына түсті

Бұл жолы Анталияға қыдырып барған 21 жастағы Меруерт Дұғанованы жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен. Қатты соққыдан ауыр жараланған жерлесіміз қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Оған бір рет ота жасалғанымен әлі есін жиған жоқ. Қазір оның жанында осы Анталияда тұратын әпкесі бар. Туысының айтуынша, Меруерт түрік тілін үйрену үшін қыдырып келген екен. Сөйтіп, үш апта бойы қаланы аралап әрі білімін жетілдірген теміртаулық қыз бір-екі күнде Қазақстанға қайтпақшы болған. Бірақ, жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан оны жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлік қағып кеткен. Қазір іске дипломаттарымыз араласып, жүргізуші қамауға алынды. Ал, Меруерттің медициналық сақтандыруы болып, оған дер кезінде көмек көрсетілді. Дегенмен, жерлесіміздің жағдайы тым ауыр.

ГАУҺАР ЖАМАНКЕЕВА, НАУҚАСТЫҢ ӘПКЕСІ:

-Меруерт көп жарақат алған. Оның үстіне басында қан ұйып, сол қиындық туғызып тұр. Сақтандыру болғанымен, ол барлық емнің шығынын жаппайды. Тағы 10 миллион теңгеден астам ақша қажет. Кінәлі адам жазасын алып, барлық шығынды төлеуі тиіс. Үкіметтен осы істі бақылауға алуын сұраймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде