{metadescription}
Тікелей эфир: Депутаттар валюталық бақылау қызметін Ұлттық банктен алып, Үкіметке қайтаруды  ұсынды
Тікелей эфир: Депутаттар валюталық бақылау қызметін Ұлттық банктен алып, Үкіметке қайтаруды  ұсынды

Тікелей эфир: Депутаттар валюталық бақылау қызметін Ұлттық банктен алып, Үкіметке қайтаруды ұсынды

Мәжілісмен Омархан Өксікбаевтың айтуынша, бас банк бұл міндетті толық атқара алмай отыр. Сондықтан  халық қалаулысы Мәжіліске ішкі аудит жайлы есеп беруге келген Қаржы министріне қаржылық қадағалауды өз мойнына алуды талап етті.

-Жәудір, қайырлы күн. Депутаттың Ұлттық банкке шүйлігуіне не себеп?

Қайырлы күн, Мәдина. Өйткені, қазір еліміздің дебиторлық қарызы 5 миллиард доллардан асып кетіпті. Яғни, бұл сыртқа кеткен ақша. Оның жартысынан көбінің қайтару мерзімі өтіп барады.

Президент жан-жақтан инвестор шақырып, елге қаржы тарту үшін  күш салып жатса, біз қолда бар ақшаны далаға шашып отырмыз дейді депутат. Ал мұндай валюталық операцияларды қадағалайтын Ұлттық банк. 

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-Біз бүгінгі таңда валюталық бақылауды Ұлттық банктің өзіне беріп қойдық. Ұлттық банк осы валюталық операциялардың операторы. Ол өзі осы бүкіл жұмыстардың бәрінің  ішінде отырған, қатысып отырған және соны реттеп отыратын орган. Ал енді бақылауды да соған бердік. Бұрын Үкімет өзі атқаратын бұл фукцияны.

Сондықтан Үкімет валюталық бақылауды шұғыл өз қолына алсын  дейді Өксікбаев. Қаржылық қадағалумен тікелей Қаржы министрлігі айналысуы тиіс.

-Жәудір, Мәжілісте мемлекеттік мекемелерге де аудит жүргізу мәселесі қаралыпты. Қаржы министрлігі бұл саладағы жемқорлықпен қалай күреспек?

Қазір Қазақстанның әлем елдері арасындағы бәсекеге қабілеттілік бойынша рейтингі төмендеген. Қаржы министрі оған парамен ұсталған лауазымды шенеуніктер мен жемқор аудиторлардың күрт көбейіп кетуі әсер етті дейді. Әсіресе құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысты жемқорлық өршіп тұр. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Өкінішке орай, бүгінгі күні сатып алу жүйесінде мына құрылыс жағында біраз проблемалар қалып отыр. Оны өйткені көріп отырмыз  тендер өткізген кезде бір мердігер екінші мердігерге жазады. Біз оны тексеруіміз мәжбүрміз. Сондықтан осындай жұмыстар жемқорлық туындайды.

Яғни, көбіне аудитор өзі тексеріп келген мекеменің басшыларымен тікелей байланыста болған соң өзара келісіп, заң бұзады. Мәселен, 9 айда мемлекеттік аудиттің 6 қызметкері ескерту алған, бір маман жұмыстан қуылыпты.

 

Ал аймақтардағы департаменттердің 15 басшысына сөгіс жариялаған. Енді Үкімет жемқор аудиторлармен күресу үшін заңға өзгеріс енгізбек. Шенеуніктер жаңа құжатты жазып аяқтап қалыпты. Үкімет сағатында айтылған өзге де ақпараттарды толығырақ кешкі 20-00 де қорытынды жаңалықта толықтырамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде