{metadescription}
«ЖасSTAR» талантты жастарды әлемге танытуда
«ЖасSTAR» талантты жастарды әлемге танытуда

«ЖасSTAR» талантты жастарды әлемге танытуда

Қазақстандық жастардың талантын әлем тануы керек. «ЖасSTAR» халықаралық фестиваліне келген шетелдік өнер майталмандары біздің жас өнерпаздардың қабілетіне таң қалып отыр. Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен шара барысында жастарға әлемнің ең мықты мамандары мен қазақстандық өнер майталмандары шеберлік сабақтарын өткізді.

Жас, талантты және креативті. Бұл жерге өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандар жиналған. Мұражай, театр, киностудия қызметкерлері. Оларға жетістікке жету мен шығармашылық ойды шыңына шығарудың құпиясы турасында Канададан келген Лидия Варванова айтып берді. Шетелдік маман өнер адамдары инновациялық жетістіктерді үнемі өз шығармашылығын дамыту үшін міндетті түрде пайдалану керек дейді. 

Лидия Варванова, арт-менеджментті стратегиялық басқару тренері:

-Бұл жерде өте талантты адамдар жиналған. Сіздердің қабілеттеріңізге қайран қалып отырмын. Және бұны әлем танитындай деңгейге жеткізу керек. Тұңғыш президент қоры жастардың дамуына үлкен мән беріп отырғаны қуантады. Бұл Қазақстанның болшағына деген инвестиция деп түсінем.

«ЖасStar» фестивалінің қатысушылар үшін ең мықты мамандар бір апта бойы түрлі шеберлік сабақтарын өткізді.  Оның ішінде би де бар. Ал қимыл қозғалыстың сырын студенттерге атақты балерина Әлия Тынықпаева түстіндірді. Жерлесіміз қазір Венгрияда тұрады. 

Әлия Танықпаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Оларға бұл өте қажет. Мен өзім осы би әлеміне келгенде осындайды қатты армандайтынмын. Жалпы жасап жатқан дүниеңнің керек екенін сезіну маңызды.  Бұндай кездесудің мен үшін де орны бөлек. Және үлкен тәжірибе.

«ЖасStar» фестивалі биыл сегізінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Және жыл сайын әлемнің атақты режиссерлары, дирижерлары мен актерларының бас қосып жастарға тәжірибесімен бөлісетін алаңына айналып үлгерді. Бұл жолы Фрация, Венгрия, Канада және Қазақстанның мамандары дәріс оқыды.

Риза Тағанова, А. Селезнёв атындағы училишенің студенті:

- Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл деген әркімге беріле бермейтін үлкен мүмкіндік. Осы жерге келгеніме қатты қуанамын. Осыны ұйымдыстырған Түңғыш Президент Қорына айтар алғысым шексіз.

Талантты жастардың шеберлігін шыңдауға бағытталған шара соңы үлкен концертпен аяқталды. Сахнаға шыққан Қазақ ұлттық консерваториясының студеттері сегіз күн бойы франциялық дирижермен жұмыс істеген еді. Олар шымылдықты «Париж өмірі» атты опереттамен жапты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде