{metadescription}
«Ертіс»  клубының бапкерінің биі интернетте хитке айналды
«Ертіс»  клубының бапкерінің биі интернетте хитке айналды

«Ертіс» клубының бапкерінің биі интернетте хитке айналды

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы келесі жылы Еуропа Лигасында бақ сынап, ел намысын қорғайтын болды. Мұндай жетістікті күтпеген клубтың бас бапкері қуанғанынан жұрт алдында билеп те жіберді. 

Алаңда қарағандылық «Шахтерді» қабылдаған «Ертістің» ойыншылары бір жарым сағат бойы тер төккенімен есеп 0:0 болған. Десе де, қос команданың есебі қосымша берілген үш минутта шешіліп шыға келді. Соңғы сәттерде ширақ ойнаған португалдық қорғаушы Карлос Фонсека допты қақпа төрінде тулатып, алаңға жиналған төрт мыңнан астам жанкүйерді таңқалдырып тастады. Бұған қуанған «Ертістің» бас бапкері Вячеслав Грозный алдымен жасыл алаңда, кейін футболшылардың киім ауыстыру бөлмесінде тағы бір рет «лезгинка» биін билеп берді. Ал ел чемпионатының қортындысы бойынша 79 ұпай жинаған «Астана»  осымен төртінші мәрте алтын жүлдені иеленіп отыр. Бір ұпай кем жинаған алматылық «Қайрат» үшінші рет күміс жүлдені қанағат тұтса, шымкенттік «Ордабасы» қоланы қанжығасына байлап кетті. Ал дүйім жұрт алдында алғаш рет билеген бас бапкердің өзі ойыншыларының бұл жетістігін ешқашан ұмытпайтынын жеткізді.

Вячеслав Грозный, «Ертіс» ФК бас бапкері:

– Жанкүйерлердің бірі «лезгинкадан жіберіңіз» деп айқайлады. Мен бұл биді дұрыс билей алмасам да, жеңіске қуанғаным сонша, билеп жіберіппін. Кейін оны киім ауыстыру бөлмесінде ойыншыдардың алдында қайталауға тура келді. Бұл біздің ойынға, жанкүйерлерге деген сүйіспеншілігіміз ғой. Қуанышымызда шек жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.