{metadescription}
Елімізде инсультқа шалдықпау үшін не істеу керек?
Елімізде инсультқа шалдықпау үшін не істеу керек?

Елімізде инсультқа шалдықпау үшін не істеу керек?

 

Инсульт жасарып барады. Әдетте егде жастағы адамдарда кездесетін қатерлі ауру енді жасөспірімдерге дейін ауыз сала бастаған. Статистикаға сүйенсек, нағыз еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар арасында да жүрек талмасы қарқын алып барады. Жалпы аурулар саны биыл 4 мың адамға көбейіп, жағдай ушығудың алдында тұр екен. Сондықтан ақ халаттылар ел аралап, жұртты құлағдар етуге шыққан. Ал аурудың алдын алу үшін алкоголь мен темекіден бас тарту қажет.

Жасы 54-ке келген Исандум Абайұлы ауруханаға осыдан екі жыл бұрын есінен танып түскен. Өзінің айтуынша, тек өмірге деген құштарлықтың арқасында тіршілікке қайта оралыпты. Бүгінде екі сөзінің бірінде дәрігерлерге алғыс айтып отыр.

Исандум Хаманиязов, емделуші:

-Бұл енді аяқ астынан қан қысымым көтеріліп, дүниедегі ең ауыр геморрагиялық  инсульт алдым. Жатып қалдым. Міне, сол жағым істемей қалған.

Алматыдағы №7 қалалық ауруханада Исандум секілді 70-тей адам жатыр. Бұрындары тек жасы келген қарттар емделетін болса, бүгінде мұндағылардың орташа жасы әлдеқайда төмендеп барады. Әсіресе жастардың көбейгенін дәрігерлер айтып отыр.

Мақсұт Ибрагимов, №7 қалалық аурухананың нейроинсульт орталығының меңгерушісі: 

-Жүз адамның төртеуі бүгінде инсультпен ауырады. Олардың арасында жастар көп. Әсіресе, жаңа босанған жас келіншектерде көп кездеседі. Бұның басты себебі, экология мен психо-эмоционалдық күйзелістерден болып отыр.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша елімізде 31 мың адам жүрек талмасына шалдыққаны анықталыпты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда науқастар саны 4 мың адамға дейін артқанын көрсетіп отыр. Соның шамамен 40 пайызы еңбекке қабілетті орта жастағы адамдар екен.

Инсультқа шалдыққандарды дәрімен ғана емес, осындай жаттығулар арылы да емдейді. Қозғалмай қалған аяқ пен қол, тіпті саусаққа дейін қимылдатудың амалдары қарастырылған. Дегенмен, аурулар санының көптігінен, бір Алматының өзінде 4 инсульт орталығы болғанымен, ол бәрін қамти алмай отыр. Жағдай күрделене бастаған соң дәрігерлер дер уағында емделу қажеттігін ел аралап түсіндіріп жүр.

Марат Абдуллаев, №7 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

-Мысалы қазір лекция өтіп жатыр инсультке арналған. Ендігі лекция қан қысымына арналады.  14 лекция оқиын деп отырмыз халыққа.

Жалпы, түрлі сырқаттан қайтыс болатын адамдардың 13 пайызы, яғни, 3 мыңнан аса адам ажалды осы жүрек талмасынан табады екен.

-Біз тұрған №2 инсульт орталығының өзіне күн сайын 5-6 адам келіп түседі екен. Ал жуырда ғана бұл жерден 1994 жылдың тумасы емделіп шыққан. Инсульт жасарып бара жатыр деп дабыл қаққан дәрігерлер аурудың алдын алу үшін ең қарапайым ережелерді сақтаса жетіп жатыр дейді. Олар: алкогольді ішпеу керек, темекі тартпау керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.