Байлардың тыққан байлығы әшкереленді
Елизавета патшайымының да офшорда ақшасы бар екен. Ақсүйектер отбасының талай жылдардан бері салықтан жалтарып келгені жайлы мәліметтерді атышулы "Журналистердің халықаралық консорциумы" жариялады.
Автор: Аруна Ортай
06.11.2017
Бұған дейін «Панама құжаттары» арқылы талай қалталыны жылатқан тілшілер енді «Жұмақ құжаттары» деген атпен мемлекет басшыларын әшкерелеуді бастапты. Жұрттан жасырғаны көп белгілі тұлғалардың ішінде -Ұлыбритания патшайымы көш бастап тұр. Екінші Елизавета ақшасын Бермуд аралдарында тығып ұстап отыр депті құжаттарда. Трамптың командасы да қыруар қаржысын осындағы есеп-шотқа салған көрінеді. Десе де, АҚШ президентінің коммерциялық хатшысы, әрі атақты «Новигатор» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Рос Уилбор мұның бірін де мойындағысы жоқ. Тапқанын жасырғандардың ішінде әйгілі әншілер Мадонна мен Боно да жүр. Бас-аяғы 120 белгілі саясаткер мен мемлекет басшыларының аты-жөні жазылған тізім 13 миллион құжаттан тұрады екен. Десе де, ақсүйектер одан ат-тонын ала қашып отыр. Мәселен, осы тізімдегі ең байлардың бірі Ұлыбритания лорды Майкл Экшкрофт журналистерді мүлде жанына жолатар емес
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!