{metadescription}
Атырауда   браконьерлер ұсталды
Атырауда   браконьерлер ұсталды

Атырауда браконьерлер ұсталды

Қызыл балықтың қызығын көре алмады! Атырауда қайықтарына 1 тоннаға жуық бекірені тиеп алған жанбайлық браконьерлер ұсталды. Тәртіп сақшылары оларды Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жүргізілген

рейд барысында қуып жүріп, қолға түсіріпті.

Жанбай ауылының 26 және 24 жас аралығындағы 4 тұрғыны мінген қайық бағалы балықтарға толы екен. Жалпы саны 300-ден астам бекірелердің барлығының іші жарылған. Бірақ тексеріс кезінде уылдырық табылмапты. Браконьерлердің ауына бекіренің «қарындаш» деп аталатын түрі түскен. Әдетте, құнды балықтың бұл түрі әлі ұрық шашу үшін жетіліп үлгермепті. Дегенмен, уылдырықтың болған-болмағанын мамандар тексеріп жатыр. Тәркіленген балықтардың жалпы салмағы 800 келіден астам. Қара базарда бекіренің бір келісінің 3500-4000 теңге тұратынын ескерсек, табиғатқа келген шығын 3 миллион 500 мың теңгеге жуықтайды.

Данияр Баймағамбетов, Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының жетекшісі:

-Тәркіленген бекіре "Жайық-Атырау" бекіре-балық өсіру зауытына тапсырылады. Ол соттың шешімі бойынша мемлекеттің пайдасына өндіріледі. Ал браконьерлердің қайығы арнайы тұраққа қойылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде