{metadescription}
Жанар Ахметоваға  алданғандар оның Украинадан экстрадициялануын талап етті
Жанар Ахметоваға  алданғандар оның Украинадан экстрадициялануын талап етті

Жанар Ахметоваға алданғандар оның Украинадан экстрадициялануын талап етті

Қарызға батырып, тақырға отырғызған адам жазасыз қалмау керек! Алматыда атышулы Жанар Ахметовадан алданғандар оның Украинадан экстрадициялануын талап етті. Он жылдан бері әділдік іздеп, шарқ ұрған жәбірленушілердің қолында соттың шешімі де бар. Бірақ, алған ақшаны қайтаруы тиіс Ахметованың өзі жоқ. Таулары шағылған шағымданушылар енді не істерін білмей әлек.

Өз елі өзектен тепкенін желеу етіп, өзгеден пана сұраған Жанар Ахметованың бұл Киевтегі сот залындағы жан сыры. Халықаралық іздеу жарияланған алаяқ осыдан екі апта бұрын Украинада қолға түсті. Сөзіне сенсек, сүттен ақ, судан таза. Тағылған айыптың бәрі жағылған күйе деген райынан қайтпайды.

- Ақшамызды қайтарсын. Бір жарым айға алған. Он жыл өтті.

Жылы жүз, әсерлі сөзімен сендіріп, қолдағы барын бергізіп, ақырында тақырға отырғызған Жанар Ахметованың арбауына қалай түскендеріне бұл азаматшалар  әлі күнге аң-таң. Светлана Пашаева Талдықорғаннан шаруа қожалығын алуға көмектесем деген Жанар Ахметоваға имандай сенген. Істің тездеп бітуі үшін төрт бөліп 20 мың доллар берген. Бірақ, құмға сіңген судай ақшасы желге ұшқанын кеш ұғыпты. Осыған дейін құзырлы органдардың құрығына түскенмен, балықтай қолдан сусып құтылып кете берді дейді.

Светлана Пашаева, жәбірленуші:

-Оны осы жылы қайтадан ұстады. Бізді беттестірді. Бірақ, ол мені танымайтынын, ешқашан көрмегенін айтты. Өзіңіз ойлаңыз, егер мен ол адамды танымайтын болсам не үшін, полиция, прокуратураға арыз жазып, сотқа шағымданып осы уақытқа дейін сабылып жүрмін. Мен сияқты алданған адамдар қаншама. Көбі 10 жылдан бері әділдікке жетпесін білгесін күдер үзді. Қалай болғанмен, оның жазалануын қалаймыз.

Тергеу материалында Жанар Ахметова 2005-2008 жыл аралығында азаматтардың 50 млн астам теңгесін алаяқтық жолмен қалтасына басқаны көрсетілген. Сот оған үкім де кесті. Бірақ, кәмелетке толмаған баласы болғандықтан жазаны өтеу уақыты 2021 жылға шегерілген еді.

-Соттың үкімін ұтымды пайдаланған Жанар Ахметова осы көктемде Украина асып үлгерген. Артынша, тұтылды. Қазір Киевте уақытша тергеу абақтысында отыр. Бірақ қаншама адамды сан соқтырған алаяқты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі әзірге шешімін таппай тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.