Қазақстанда дәрі арзандамақ
Зейнетақымен қоса жаңа жылдың тағы да жағымды жаңалығы бар! 2018-ші жылдан бастап мемлекет жекеменшік дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын реттемек. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалар мен емханалар үшін алынатын препараттардың құнына ғана араласатын.
Автор: Азамат Алдоңғаров
06.11.2017
Осылайша министрлік құзыретін кеңейтіп, жекенің ісіне де кірісіп, дәрі өндірушілердің шамадан тыс табысына тосқауыл қоймақ. Ол үшін министрлік әрбір препараттың шекті бағасын бекіткен. Осылайша, дәріні зауыттан дәріханаға жеткізіп еселеп ақша алатын делдалдарға тосқауыл қою жаспарланып отыр. Мамандардың есебінше, еліміздегі дәрі-дәрмектің жылдық айналымы 450 миллиард теңгеге жеткен.
Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы:
–Заң жобасы аясында, 2018 жылдың бірінші қазанынан дәрігердің тағайындауымен берілетін дәрілерге, ал 2023 жылдан бастап қалған препараттардың бағасын реттеу жоспарланады. Бұл шаралар дәрінің халықтың қолына төмен бағамен жетуіне мүмкіндік жасайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!