{metadescription}
Алматы облысында құлаған ұшақтың қара жәшігінен ақпарат алу мүмкін болмаған
Алматы облысында құлаған ұшақтың қара жәшігінен ақпарат алу мүмкін болмаған

Алматы облысында құлаған ұшақтың қара жәшігінен ақпарат алу мүмкін болмаған

Қайырсыз қара жәшік. Мәскеуге сараптамаға жіберілген Ан-28 ұшағындағы өздігімен жазу құралынан қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмай шықты. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі мәлімдеді.

Қара жәшік кері Қазақстанға қайтарылған. Енді апаттың себебі сот-медициналық сараптама, диспетчер мәліметі мен өрт сөндірушілердің қорытындысы бойынша анықталады. Мемлекетаралық авиациялық комитетінің үш сарапшысы қазір осы жұмысқа жұмылдырылған. Дегенмен бүлінген GPS құралынан там-тұмдап ақпарат алынған. Министрлік ол туралы алдағы уақытта толығырақ айтатындарын жеткізді. Айта кетейік, қазанның үшінде Алматы облысы маңында санитарлық авиация ұшағы құлады. Борттағы бес адам түгел сол жерде мерт болды. Үшеуі экипаж мүшесі болса, екеуі еліміздің беткеұстар дәрігерлері еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде