{metadescription}
Дельта Банк лицензиядан айрылып қалмау үшін еш әрекет жасамаған
Дельта Банк лицензиядан айрылып қалмау үшін еш әрекет жасамаған

Дельта Банк лицензиядан айрылып қалмау үшін еш әрекет жасамаған

Қаржы ұйымының қызметін тоқтатқан Ұлттық банк бүгін бұл шешімінің себебін жіпке тізді. Мекемеге түрлі заң бұзушылықтары үшін біраздан бері ескерту жасалып келген. Бірақ, оның басшылары еліміздегі қаржы реттеушінің сөздерін сол күйі пысқырмапты.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары:

- Лицензиясынан айыру кезінде Дельта Банктің корреспонденттік шоттары мен кассасындағы ақша қалдығы 215,1 миллион теңгені құрады. Ал, депозиторлар мен кредиторлар алдындағы мерзімі өткен міндеттемелер сомасы 79,8 миллиард теңге  Банктің қызметін тоқтатуға бұл да себеп болды.

Яғни, Дельта Банк көптен бері қаржылық қолдауға мұқтаж болған. Бұл туралы мекеменің акционерлеріне талай айтылған. Алайда, ешкім құлаққа ілмепті. Қаржы ұйымы кредиттік тәуекелдерді басқаруда да қиындыққа тап болған. Несие рәсімдеу кезінде ішкі жұмыстар дұрыс жүргізілмеген көрінеді. Әрі банк азаматтарға берген несиесін сапалы кепілмен қамтамасыз етпеген. Тіпті, ай сайын төлем жасай алмайтын, жағдайы жоқ адамдарға кредит рәсімдепті. Соның кесірінен, төлемдері уақытылы жүргізілмеген берешек бастан асады. Мәселен, қазір банктің мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ішінде несие портфелінің үлесі 99,7%. Естеріңізге салсақ, Ұлттық банк бұл мекеменің қызметін өткен аптада тоқтатқан болатын. Яғни, оны банктік операциялар мен бағалы қағаздар нарығында іс жүргізуге берілген лицензиясынан айырды. Бұған дейін де Дельта Банк бірнеше рет азаматтарға қарыз беріп, шот ашу құқығынан айырылғанын айта кетейік. Ал, бұл жолы мекеменің жабылып тынатын түрі бар. Өйткені, Бас банк мұны талап етіп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.