Сұлтанов РБК банкке қатысты мәлімдеме жасады
РБК банкінің мәселесін Үкімет Ұлттық банкпен бірге қарап жатыр. Қаржы ұйымының ішкі қиындықтарын шешуге, тіпті, ұлттық компаниялар да араласып жатыр екен. Бұл туралы Қаржы министрі айтты.
Автор: Жәудір Оразхан
06.11.2017
Әзірге нақты нәтиже жоқ деді Бақыт Сұлтанов. Ал РБК банкінің клиенттері болса, бірнеше айдан бері депозитке салған қаржыларын ала алмай жүр. РБК-да кәсіпкерлер, тұрғындардың да жылдап жиған миллиондары бар. Бәрінен бұрын осы банктен шот ашқан шетелдерде оқып жүрген студенттер мен өзге елде ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қиын. Жеке саоымшылармен қосы мемлкеттік мекемелер де РБК-ны сотқа беріпті. Бірақ бұдан жағдай өзгермеді. Жұртты шулатып қойған банктің акционерлеріне президент те ескерту жасап, қалайда банкті банкротқа ұшыратпауға тапсырма берген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!