{metadescription}
Түркіменстан азаматтары шетелде банк карталарынан елу доллардан артық шешіп ала алмайды
Түркіменстан азаматтары шетелде банк карталарынан елу доллардан артық шешіп ала алмайды

Түркіменстан азаматтары шетелде банк карталарынан елу доллардан артық шешіп ала алмайды

Осы елдің сыртқы экономикалық банкі қаражатты мақсатсыз жұмсатпау үшін осындай шектеу қойғалы отыр. 

Шетелде банкоматтан шешіп алатын доллар көлемі бұған дейін де мардымсыз еді. Яғни, тәулігіне тек 200 доллар-ға  дейін  рұқсат етілген еді. Енді оны 4 есе қысқартып отыр. Түркімен азаматтары үшін қолма-қол жұмсайтын 50 доллардан бөлек, тағы 200 доллар жаратуға мүмкіндігі бар. Оны банк карталарымен төлеу керек. Түркімен банкінің есебінше, осы ақша азаматтардың тәуліктік күнкөрісіне жетеді деп есептелінген. Дегенмен, шетелде жүргендер карталарын қалауынша толтыра алады. Айта кетейік, Түркіменстанда ақша айырбастауға былтыр тыйым салынған. Қазір елдегі жалғыз айырбас валютасы тек манат қана. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде