{metadescription}
Астанада ірі сауда орталығына қатысты үлкен дау шықты
Астанада ірі сауда орталығына қатысты үлкен дау шықты

Астанада ірі сауда орталығына қатысты үлкен дау шықты

 Астанада мыңнан астам адам жұмыссыз қалғалы тұр. Елорданың қақ ортасындағы ірі сауда орталығын коммерциялық банк иелерінен тартып алмақ. Бүгін сот орындаушылары «Жетінші континенттегі» бутиктердің барлығының есігіне құлып салуды бастайды. Ал бизнесмендер меншіктерін өліспей беріспейміз деп отыр.

Әйгерім Бижігітова, кәсіпкер:

-Бүгін сот атқарушысы келіп, бізге барлық этажға тастап кетті, 1-тен 22-ге дейін барлығын босатыңыздар деген. Мемлекеттің ешқандай артық қағазын сұрап жатқан жоқпыз. Мемлекеттің өзінен беріңдер деп біреуден қайыр сұрап жатқан жоқпыз. Тек қана өзіміз сатып алған помещениені, өзіміз сатып алған орынды бізге қалдырыңыздаршы деп айтып жатырмыз.

Сауда орталығының иелері жиналып, сот орындаушыларын күтіп жүр. Олар бутиктерінің есігіне ешкімді жолатпаймыз дейді. Тіпті нысанды түнімен күзетпек. Өйткені, кәсіпкерлер ондағы бутиктерді үйін сатып, енді бірі несиеге алған. Жалпы, Астанада «Жетінші континентке» қатысты дау екі жыл бұрын шыққан. Нысанды салған құрылыс компаниясы оны кепілге қойып, миллиондаған несие алған екен. Сол ескі қарызды коммерциялық банк енді даулап отыр. Ал, құрылыс компаниясы орталықты сатып жіберген. Бірақ, құжатта ғимараттың банкте кепілде тұрғанын көрсетпепті.  Енді екі ортада кәсіпкер көлемі жүздеген шаршы метр болатын бутиктерінен айырылғалы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.