{metadescription}
Бишімбаевтың адвокаттары енді прокурорды ауыстыруды талап етті
Бишімбаевтың адвокаттары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Бишімбаевтың адвокаттары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Қуандық Бишімбаевтың соты дауға ұласты! Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрінің адвокаттары соттан прокурорды ауыстыруды сұрады.  Мемлекеттік айыптаушының әділдігіне күмән келтірген қорғаушылар оның бұл іске заңсыз тағайындалғанын айтып отыр.

Сәлімжан Мусин, Қ.Бишімбаевтың адвокаты:

-Бұл қылмыстық іске прокурордың мүлдем қатысы жоқ. Қалай мемлекеттік айыптаушы болып тағайындалғанын білмейміз. Біздің ойымызша ол Бишімбаевты қалай болса да түрмеге жабуға ниеттенген секілді. Сондықтан, прокурорды ауыстыруды сұраймыз.

Десе де, қорғаушы Мусиннің бұл арызымен, барлық адвокаттар келіскен жоқ. Кейбірі, керісінше осы мемлекеттік айыптушының істі қарағанын қалап отыр. Не болса да енді оны жақында судья шешуі тиіс. Негізі бүгін, осы прокурор айыптау қорытындысын оқуы керек болған. Бірақ, сот үзіліс жариялаған соң, процесс  түстен кейін жалғаспақ. Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі 350 миллион теңге пара алды және Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард 200 миллион теңгені ұрлады деп айыпталуда. Мәліметтерге қарағанда, жымысқы ойын іске асыру үшін «Болашақтың» түлегі қол астындағыларды ғана емес, бауырын да тартқан. Жалпы 23 адам сот алдында жауап беруде. Олардың 20-сы кінәларын мойындаған. Бишімбаев болса, сол күйі тағылған айыптармен келіспей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде